Егер сіз SQL Server серверін Басқару сервері үшін ДҚБЖ ретінде қолдансаңыз, деректерді SQL Server серверінен MySQL немесе MariaDB ДҚБЖ жүйесіне тасымалдауға болады. Деректерді сақтық көшірмелеу үшін klbackup утилитасын интерактивті режимде іске қосыңыз. Сақтық көшірмелеу және деректерді қалпына келтіру шеберінің Сақтық көшірмелеу параметрлері терезесінде MySQL/MariaDB пішіміне көшіру параметрін қосыңыз. Kaspersky Security Center бағдарламасы MySQL және MariaDB серверімен үйлесімді деректердің сақтық көшірмесін жасайды. Осыдан кейін, сіз деректерді MySQL немесе MariaDB серверіндегі сақтық көшірмесінен қалпына келтіре аласыз.
Басқару сервері орнатылатын жаңа құрылғыны таңдаңыз. Таңдалған құрылғыдағы аппараттық және бағдарламалық жасақтама Басқару серверіне, Басқару консоліне және Желілік агентке қойылатын талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Басқару серверінде қолданылатын порттардың қолжетімді екеніне көз жеткізіңіз.
Басқару сервері құрамдастарын алдыңғы құрылғыда Басқару сервері орнатылған сол қалтаға орнатыңыз. Файлға апаратын жолды көрсету үшін Шолу түймесін басыңыз.
SQL сервері үлгісінің атауы өрісінің жанында Шолу түймесін басыңыз және пайда болған тізімде жаңа құрылғының атауын таңдаңыз.
Дерекқор атауы өрісінде жаңа дерекқор атауын енгізіңіз.
Жаңа дерекқордың атауы алдыңғы құрылғыдағы дерекқордың атауына сәйкес келуі керек екенін ескеріңіз. Басқару серверінің сақтық көшірмесін пайдалану үшін дерекқорлардың атауы сәйкес келуі керек. Дерекқордың әдепкі бойынша атауы KAV.
SQL сервері үлгісінің атауы өрісінің жанында Шолу түймесін басыңыз және пайда болған тізімде алдыңғы құрылғының атауын таңдаңыз.
Алдыңғы құрылғы жаңа Басқару серверімен байланысу үшін қолжетімді болуы керек екенін ескеріңіз.
Дерекқор атауы өрісінде алдыңғы дерекқор атауын енгізіңіз.
Орнату аяқталғаннан кейін, klbackup утилитасын көмегімен жаңа құрылғыдағы Басқару сервері деректерін қалпына келтіріңіз.
Егер сіз SQL Server серверін алдыңғы және жаңа құрылғыларда ДҚБЖ ретінде қолдансаңыз, жаңа құрылғыда орнатылған SQL Server нұсқасы алдыңғы құрылғыда орнатылған SQL Server нұсқасымен бірдей немесе одан жоғары болуы керек екенін ескеріңіз. Әйтпесе, сіз жаңа құрылғыдағы Басқару сервері деректерін қалпына келтіре алмайсыз.